Футболшы Бауыржан Исламхан «Ордабасы» клубында ойнайды
Шымкенттік клуб оны өз құрамына қосу үшін бұдан бұрын ойнаған Біріккен Араб Әмірлігінің «Аль-Айн» командасының рұқсаты қажет еді. Дегенмен ол біршама уақыт кешіктірілді. Нәтижесінде аталған рұқсат алынып, ол жаңа командасы құрамына қосылуына мүмкіндік жасалды.
Айта кетсек, 2020 жылдың қыркүйек айында «Аль-Айн» командасы құрамында Азия чемпиондар лигасындағы кезекті ойынынан кейін ол тапсырған допинг-сынамасы оң нәтиже көрсеткен еді. Одан тыйым салынған метилгексанамин табылып, екі жылға үлкен футболдан шеттетілді.
Ол Қазақстан ұлттық құрамасының қараша айында Өзбекстан және Біріккен Араб Әмірлігі құрамаларымен өтетін жолдастық кездесулеріне шақырту алды.
Бауыржан Исламхан 1993 жылы 23 ақпанда Тараз қаласында дүниеге келген. 2011 жылдан бері қазақстандық «Тараз», «Астана», «Қайрат», Ресейдің «Кубань», Біріккен Араб Әмірлігінің «Аль-Айн» клубтары және ел құрамасында 311 ойын өткізіп, 74 голдың авторы атанды. Ел құрамасында 46 ойында 3 гол соқты.