Футболшылар алаңда төрешіні соққының астына алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Украина кубогы үшін болған матчтың соңы төбелеспен аяқталды. Ұтылған команданың ойыншылары өздерінің бұл сәтсіздіктерін төрешіден көрген, деп хабарлады «Еуразия» бірінші арнасы.

Футболшылар алаңда төрешіні соққының астына алды

Ойын тікелей эфирден берілгеніне қарамастан ашуға бой берген спортшылар арбитрға тұра ұмтылып, бірнеше рет ұрды. Мұның арты жаппай төбелеске ұласты. Жанжалға тіпті олардың бапкерлері де араласып кетті.