Futures Cup турнирінде қазақстандық боксшылар кімдермен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM – Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан Futures Cup халықаралық турнирінде 15 наурызда финалда қазақстандық 10 боксшы шаршы алаңға шығады.

бокс
Фото: ҰОК

Ақтық сында 20 салмақ бойынша 14 мемлекеттің өкілдері чемпиондық атақты сарапқа салады.
Дүбірлі додада былғары қолғап шеберлері күндізгі және кешкі сессияда сынға түседі. Күндізгі сессия Қазақстан уақытымен 9:00-ге белгіленсе, кешкі сессия 13:30-да басталады.

5-жұп. 80 келі. А рингі.Айдана Убайдуллақызы - Асалой Бахтиёрова (Өзбекстан)

8-жұп. 60 келі. А рингі.Досжан Жұмақан - Сива Чайнаронг (Таиланд)

9-жұп. 75 келі. А рингі. Хамза Мақсатұлы- Сухроб Рахматуллаев (Өзбекстан)

10-жұп. 90 келі. А рингі. Жалғас Өтебеков- Асадбек Султанбоев (Өзбекстан)

Кешкі сессия

4-жұп. 70 келі. А рингі.Камила Оспанова- Сара Скоррано (Италия)

7-жұп. 70 келі. А рингі. Бибарыс Әшірбай- Ахмади Арваз (Қырғызстан)

8-жұп. 80 келі. А рингі. Тимур Тайбеков - Давит Мхитцадзе (Грузия)

10-жұп. 90 келіден жоғары. А рингі. Владислав Саможонов - Ислам Салихов (Өзбекстан).

Айта кетсек, ел құрамасынан 10 спортшы жартылай финалда жекпе-жек өткізді. Олардың 8-і жеңіске жетсе, 3-еуі қарсыласына есе жіберді.

Бұған дейін Futures Cup турнирінде финалға қай елден қанша боксшы шыққанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар