Футзал: Қазақстан құрамасы бүгін Венгриямен кездеседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы 2022 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынында Венгрия құрамасын қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетелік, Қазақстан құрамасы бесінші топта сынға түседі. Қарсыластары - Венгрия, Беларусь және Израиль құрамалары.

Венгрия құрамасы әлем және Еуропа чемпионаттарының финалдық кезеңінде бірнеше мәрте бақ сынады. Алайда ешқайсысында жоғарынәтижеге қол жеткізе алған жоқ.

Әлем чемпионаты финалдық кезеңіне алғаш 1989 жылы қатысты. Бұл жолы В тобында Бразилия, Испания және Сауд Арабиясымен шеберлік байқасты. Алдымен Венгрияны 3:2 есебімен жеңіп, одан кейін Испанияға 3:5 есебімен есе жіберді. Соңғы кездесуде Сауд Арабиясын 11:2 есебімен тізе бүктірді. Нәтижесінде өз тобында екінші орынмен жарыстың екінші кезеңіне шығып, А тобында сынға түсті. Алдымен Нидерландымен 3:3, Бельгиямен 2:2 есебімен тең түссе, одан кейін Италиядан 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Тобында үшінші орынды місе тұтқан венгриялық футзалшылар жарысты жалғастырудан шет қалды. Одан кейінгі жылдарда Венгрия құрамасы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінен арыға аса алған жоқ.

Венгриялық футзалшылар Еуропа чемпионаты финалдық кезеңінде 2005, 2010, 2016 жылдарда бақ сынады. Барлығында да жарысты бірінші кезеңде аяқтады. Құрама сапындағы футзалшылардың барлығы өз елінің біріншілігінде ойын көрсетеді. Олардың арасында Золтан Дрот қана Алматының «Қайратының» намысын қорғайды.

Айта кетелік, қазақстандық футзалшылар бұдан бұрын Еуропа чемпионаты финалдық кезеңінде екі мәрте бақ сынады. 2016, 2018 жылдарда қола жүлде алды.

Ойын елорда уақытымен 19.30-да басталып, Qazsportтелеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Аталған топта бүгін Беларусь сырт алаңда Израильді3:0 есебімен жеңіп кетті.


Соңғы жаңалықтар