Футзал: Қазақстан құрамасы Словениядан басым түсті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын Словенияға қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық футзалшылар бесінші топта Словения және Черногория құрамаларымен сынға түседі.

Бүгінгі кездесуде қазақстандық футзалшылар жинақы қимыл көрсетті. Ойынның 7-минутында қазақстандық Альберт Ақбалықов есеп ашса, Дуглас Жуниор 36-минутта қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласын 2:0 есебімен сүріндірді.

Енді қазақстандық футзалшылар 12 қазанда сырт алаңда Черногориямен шеберлік байқасады.

Әрбірі өз және сырт алаңда бір-бір ойыннан өткізеді. Әрбір топтың жеңімпазы мен үздік көрсеткішке қол жеткізген төрт құрама жарыстың элиталық сатысына жолдама алады. Өз тобында екінші орын алған қалған құрамалар арасында өтпелі ойындар болады.

Жарыстың негізгі сатысындағы ойындар 12-21 қыркүйек, 3-12 қазан, 27 ақпан-8 наурызға жоспарланған.

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты элиталық сатысында 2000, 2016, 2021 жылдарда сынға түсті. Олар 2021 жылы төртінші орынға табан тіреді.

Еске салсақ, футзалдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде жоғарылады.




Соңғы жаңалықтар