Футзал: Қазақстан құрамасы Венгриямен кездеседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футзалдан Қазақстан құрамасының 2022 жылғы Еуропа чемпионаты топтық іріктеу кезеңінде бүгін, 6 cәуірде cырт алаңда Венгриямен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық футзалшылар үш ойын өткізді. Оның барлығында жеңіске жетті. Алдымен елордада бүгінгі қарсыласы - Венгрияны 5:0 есебімен тізе бүктірсе, одан кейін Беларусьтен 5:2 есебімен басым түсті. Үшінші ойында сырт алаңда Беларусьті 5:1 есебімен сүріндірді.

Бүгінгі ойында қазақстандық футзалшылар жеңіске жеткен жағдайда Еуропа чемпионаты финалдық кезеңіне жолдама алуына мүмкіндігі бар.

Ойын елорда уақытымен 17.55-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазір турнир кестесінде үш ойыннан кейін тоғыз ұпай жинаған Қазақстан құрамасы көш бастап тұр. Одан кейінгі орындардағы Венгрияның 6, Беларусь пен Израильдің 3 ұпайы бар.

Айта кетелік, қазақстандық футзалшылар бұдан бұрын Еуропа чемпионаты финалдық кезеңінде екі мәрте бақ сынады. 2016, 2018 жылдарда қола жүлде алды. Еуропа чемпионатының финалдық сатысы 2022 жылдың 19 қаңтар және 6 ақпан аралығында Нидерландының Амстердам және Гронинген қалаларында өткізіледі.


Соңғы жаңалықтар