Футзалдан 19 жасқа дейінгілер арасында 2027 жылғы Еуропа чемпионаты Қазақстанда өтеді

АСТАНА. KAZINFORM - Футзалдан 19 жасқа дейінгілер арасында Еуропа чемпионаты 2027 жылы Қазақстанда өтеді.

2027 жылғы Еуропа чемпионаты Қазақстанда өтеді
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Бұл шешім Албания астанасы Тиранада өткен УЕФА Атқарушы комитетінің жиынында қабылданды. Онда бірқатар халықаралық және клубтық турнирлердің шешуші ойындарын қабылдайтын қалалар анықталды.

Олардың арасында Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан футзал қауымдастығы берген19 жасқа дейінгі футзалшылар арасындағы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін елімізде өткізу туралы өтінімі мақұлданды.

Осы шешімге сәйкес, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы қабылдаушы ел ретінде автоматты түрде финалдық кезеңге жолдама алады. Жарысқа барлығы сегіз құрама қатысады.

Айта кетсек, бұл турнир алғаш рет 2019 жылы ұйымдастырылған. Қазір аталған жас санатында Португалия Еуропа чемпионы атағын иеленіп отыр. Ал 2019 және 2022 жылдары Испания екі мәрте топ жарған еді.

Алғашқы кездесу 18 қыркүйекте сырт алаңда Фазано қаласында өтсе, 23 қыркүйекте қарымта кездесу Астанада болады.

Еске салсақ, футзалдан Қазақстан құрамасы қыркүйек айында 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің плей-офф сатысында Италиямен екі ойын өткізеді.

Алғашқы кездесу 18 қыркүйекте сырт алаңда Фазано қаласында өтсе, 23 қыркүйекте қарымта кездесу Астанада болады.

 

Соңғы жаңалықтар