Футзалдан әлем чемпионатында бас жүлде кімге бұйырады

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін, 6 қазанда футзалдан әлем чемпионатында финал және 3-орын үшін ойындар өтеді.

Сборная Бразилии по футзалу
Фото: Sports.kz

Бұл ойындар Qazsport телеарнасы мен сайтынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Финалда сағат 20.00-де Бразилия мен Аргентина шеберлік байқасады.

Қазірге дейін Бразилия 5 (1989, 1992, 1996, 2008, 2012) мәрте чемпион атанған еді. Аргентина 2016 жылы чемпион атанса, 2021 жылы күміс жүлдегер болды.

Ал 17.30-да қола жүлде үшін Украина мен Франция шеберлік байқасады.

Айта кетсек, Аргентина ширек финалда Қазақстан құрамасын (6:1) қапы қалдырып кетті.

Қазақстан биыл D тобында Испаниямен 1:1 есебімен тең ойнаса, одан кейін Ливияны 4:1, Жаңа Зеландияны 10:0 есебімен тізе бүктірді. Нәтижесінде өз тобында Испанияны алға жіберіп, екінші орын алды.

Одан кейін 1/8 финалда Португалияны 2:1 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты.