Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Аят» Украинаның «Хитімен» тең түсті
Футзалдан қазақстандық «Аят» клубы бүгін Чемпиондар лигасының негізгі сатысында үшінші ойынын Украинаның «Хит» командасымен өткізді, деп хабарлайды Kazinform.

Қазақстандық клуб бірінші топта сынға түседі. Қарсыластары Португалияның «Спортинг», Хорватияның «Олмиссум» және Украинаның «Хит» командалары.
Алғашқы екі ойында қазақстандықтар қарсыластарына есе жіберді. Алдымен, «Олмиссумнен» - 2:3, «Спортингтен» 1:6 есебімен жеңілді.
Сондықтан қазақстандық клуб бүгінгі кездесуде барынша жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде Абдирасул Әбдіманаұлы - 6, Евгений Козырчиков 9-минутта мергендік танытты.
Ойынның соңғы минуттарында украиналық команда екі гол соғып, таразы басын теңестіріп кетті.
Осылайша командалар 2:2 есебімен тең түсті.
Енді аталған топта «Спортинг» және «Олмиссум» командалары кездеседі.
Сондай-ақ Чемпиондар лигасы үшінші тобында сынға түсіп жатқан алматылық «Қайрат» соңғы ойында Испанияның «Пальмасымен» ойнайды. Олар бұдан бұрын Люксембургтің «Дифферданжын» 4:2 есебімен ұтса, Венгрияның «Халадашымен» 2:2 есебімен тең болды.