Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Семей» элиталық кезеңде ұтылып қалды

АСТАНА. KAZINFORM — Футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық кезеңінде қазақстандық «Семей» командасы Пальма-де-Майоркада D тобындағы алғашқы матчын испаниялық «Пальмамен» өткізді.

Футзал
Фото: әлеуметтік желіден

«Пальма» осыған дейін қатарынан екі рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанғандықтан, испаниялық клубтың фаворит саналуы заңды еді.
Соған қарамастан, бірінші таймда «Семейдің» қақпашысы Лео Игита 5-минутта есеп ашты. Іле-шала «Пальмадан» Фабиньо таразы басын теңестірді.
Екінші таймда Лукас Мачадо 31-минутта испаниялық команданы алға шығарды – 2:1. Фабиньо 39 және 40-минутта мергендік танытып, хет-триктің авторы атанды – 4:1.
Дави Мендонса баптайтын семейліктер өз тобында әлі екі ойын өткізеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын футзалдан Чемпиондар лигасында «Қайрат» пен «Семейдің» элиталық кезеңдегі алғашқы матчтарын өткізетінін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар