Футзалдан Чемпиондар лигасында «Қайрат» «Семейден» басым түсті
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінде Абай облысының «Семей» және алматылық «Қайрат» өзара кездесті.Ойын барысында командалар бір-біріне лайықты қарсылық көрсетті. Бір-бірінің қақпасы маңында жиі шабуыл ұйымдастырды. Десе де ойыншылар өз мүмкіндігін мүлт жіберіп жатты.

Ойынның 13-минутында «Семей» сапынан Ақжол Дәрібай есеп ашса, алматылық клубтан Эдсон Сантос 18-минутта таразы басын теңестіріп кетті.
Ал 23-минутта Эдсон Сантостың берген пасын әріптесі Денер голға айналдырса, одан кейін Невес де Лима 36, Кевин Арриета 38, Лукас Отанья 38-минутта мергендік танытты.
Осылайша «Қайрат» қарсыласын 5:1 есебімен тізе бүктірді.
Сондай-ақ бүгін португалиялық «Спортинг Лиссабон» венгриялық «Халадашты» 2:0 есебімен жеңді.
Айта кетсек, алғашқы турда «Семей» «Спортинг Лиссабонға» 4:6 есебімен есе жіберсе, «Қайрат» «Халадаштан» 4:0 есебімен басым түсті.
https://kaz.inform.kz/news/futzaldan-chempiondar-ligasi-kayrat-algashki-oyininda-haladashti-zhend-f96fb7/
Енді 25 қазанда 17:00-де «Семей» мен «Халадаш», 20:00-де «Қайрат» пен «Спортинг Лиссабон» кездеседі.