Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Аят» екінші ойында қарсыласына есе жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Аят» футзалдан UEFA Чемпиондар лигасының негізгі сатысындағы екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Аят» екінші ойында қарсыласына есе жіберді

Екінші топта сынға түсіп жатқан рудныйлық команда Португалияның «Спортинг» клубымен шеберлік байқасты.

Бірінші кезеңде португалиялық командадан Диего Кавинато - 3, Паулета - 4, 6, Эрик - 15, Невес 19-минуттарда гол соқса, оған қазақстандық Азат Валиуллин 7-минутта бір голмен жауап қайырды.

Екінші кезеңде қарсылас команда сапынан Невес - 33, Мигель Анжело 37-минуттарда мергендік танытты.

Осылайша рудныйлық команда қарсыласына 1:7 есебімен жол берді.

Енді «Аят» үшінші кездесуінде 29 қазанда Хорватияның «Пула» командасымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, «Аят» бұдан бұрын Хорватияның «Ново Време» клубымен 2:2 есебімен тең түсті.

Сондай-ақ алматылық «Қайрат» алғашқы екі кездесуінде қарсыластарымен тең ойнады .