Футзалдан Чемпиондар лигасы финалдық сатысына шыққан командалар анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы финалдық сатысында бақ сынайтын барлық команда анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футзалдан Чемпиондар лигасы финалдық сатысына шыққан командалар анықталды
Фото: ville-ronchin.fr

Мұндай мүмкіндікке Португалияның «Бенфика» және «Спортинг», Испанияның «Пальма» және Бельгияның «Андерлехт» командалары ие болды.

«Төрттіктің финалы» 2023 жылдың 4/5 және 6/7 мамыр күндері өткізіледі. Аталған турнирдің ойын кестесі мен өтетін орны кейін анықталады.

Еске салсақ, алматылық «Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық сатысында Мальтаның «Люксол Сент-Эндрюс» клубымен 0:0 есебімен тең түссе, одан кейін Чехияның «Хрудим» мен Португалияның «Бенфика» командаларына 1:2 есебімен жол берді.

Аталған топтан «Бенфика» турнирдің финалдық сатысына жолдама алды.