Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» испаниялық клубпен тең түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Қайрат» футзалдан UEFA Чемпиондар лигасының негізгі сатысындағы екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Қазақстандық команда 2-топтағы екінші ойынында Испанияның «Пальма» клубымен шеберлік байқасты. Кездесуді алматылық клуб белсенді бастады. Қарсылас команда қақпасы маңында жиі шабуыл ұйымдастырды. Дегенмен «Қайрат» сапынан Дуглас Жуниор 8-минутта өзінің қақпасына гол соғып алды. Ойынның 18-минутында алматылық клубтан Кайо Руис таразы басын теңестірді.

Ал 35-минутта Шыңғыс Есенаманов «Қайратты» алға шығарса, 38-минутта испаниялық клубтан Рохас қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша қазақстандық команда қарсыласымен 2:2 есебімен тең түсті.

Енді «Қайрат» 29 қазанда франциялық «Спортинг Париж» командасымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық клуб бельгиялық «Халле-Гооик» клубымен тең түсті.

Сондай-ақ, қазір қазақстандық «Аят» командасы бірінші кезеңнен кейін португалиялық «Спортингтен» 1:5 есебімен жеңілуде.



Фото: sports.kz





Соңғы жаңалықтар