Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» және «Аяттың» қарсыластары анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Швейцариянның Ньон қаласында футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы элиталық сатысы топтық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» және «Аяттың» қарсыластары анықталды

Естеріңізге сала кетелік, аталмыш турнирдің элиталық сатысына Қазақстан атынан Алматының «Қайраты» мен Рудныйдың «Аят» командалары жолдама алған болатын.

Бүгін олардың қарсыластары анықталды.

«Қайрат» С тобында Португалияның «Бенфика», Испанияның «Эль-Посо» және Италияның «Песаро» командаларымен сынға түседі. Бұл топтағы ойындар Алматы қаласындағы «Алматы-арена» стадионында болады.

Ал «Аят» В тобында Португалияның «Спортинг», Ресейдің «Тюмень» және Хорватияның «Ново Вриеме» клубтарымен шеберлік байқасады. Бұл топтағы командалар Тюмень қаласына жиналады.

Ойындар 19-24 қараша күндері өткізіледі.