Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» жарыстың келесі сатысына шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Қайрат» футзалдан UEFA Чемпиондар лигасының негізгі сатысындағы үшінші ойынын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық клуб Францияның «Спортинг Париж» командасымен шеберлік байқасты.

Ойын барысында «Қайрат» сапынан Дәурен Тұрсағұлов 2-минутта есеп ашса, Кайо Руис 24-минутта есепті үстемелей түсті. Ал Диего Фаверо 29-минутта «Қайраттың» басымдығын арттырды. Есеп - 3:0.

«Спортинг Париж» командасынан одан кейін Болинья 31-минутта гол соқса, Финео 38-минутта есеп айырмасын қысқартты.

Нәтижесінде «Қайрат» франциялық клубтан 3:2 есебімен басым түсті.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Қайрат» қарсыластарымен 2:2 есебімен тең түсті.

Нәтижесінде үш ойыннан бес ұпай жинаған «Қайрат» турнирдің элиталық сатысына жолдама алды.

Айта кетсек, «Қайрат» 2- топта испаниялық «Пальма», бельгиялық «Халле-Гооик», «Спортинг Париж» командаларымен шеберлік байқасты.

Дәл қазір қазақстандық тағы бір команда - рудныйлық «Аят» Хорватияның «Пула» командасынан бірінші кезеңнен кейін 1:4 есебімен жеңіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар