Футзалдан Чемпиондар лигасы: Қазақстандық командалар жеңіліп қалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Қайрат» және «Аят» командалары футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы элиталық сатысынан аса алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
С тобында сынға түскен Алматының «Қайраты» төртінші орынды қанағат тұтты. Олар соңғы турда Португалияның «Бенфикасынан» 3:5 есебімен жеңіліп қалды. Алматылық клуб бұдан бұрын Испанияның «Мурсия Эль-Посо» командасынан 1:4 есебімен жеңілсе, одан кейін Италияның «Песаро» клубынан 5:3 есебімен басым түсті. Бұл топта жарысты жалғастыруға «Мурсия Эль-Посо» командасы мүмкіндік алды.
Ал В тобында бақ сынаған Рудныйдың «Аят» клубы Ресейдің Тюмень қаласында өткен ойындарда жергілікті «Тюменінен» клубынан 0:3, Португалияның «Бенфикасынан» 2:5 есебімен есе жіберді. Олар бүгін Хорватияның Хорватияның «Ново Вриеме» клубынан 2:3 есебімен жеңілді.
«Қайрат» бұдан бұрын 2018/2019 жылғы кезеңде финалист атанса, 2012/2013, 2014/2015 жылғы кезеңдерде жеңімпаз болды.