Футзалдан ЧЛ: «Аят» бүгін Хорватияның «Олмиссум» командасымен кездеседі

Қазақстандық «Аят» футзал клубы бүгін Чемпиондар лигасы негізгі сатысындағы ойындарын бастайды, деп хабарлайды Kazinform.

Футзал
Фото: Kazinform

Қарсыластары - Португалияның «Спортинг», Хорватияның «Олмиссум» және Украинаның «Хит» командалары.

Бүгін «Аят» алғашқы ойынын «Олмиссум» командасына қарсы өткізсе, одан кейін 26 қазанда «Спортингпен», 28 қазанда «Хит» клубымен кездеседі.

Ойындар «Олмиссумның» алаңында биылғы жылдың 25-29 қазан аралығында өткізіледі.
Сондай-ақ, Алматының «Қайраты» үшінші топта сынға түседі.

Қарсыластары — «Мальорка Пальма» (Испания), «Халадаш» (Венгрия), «Дифферданж 03» (Люксембург).

Бұл топтағы ойындар 26-29 қазан аралығында Пальма де Мальорке қаласында болады.
Әр топтан алғашқы үш орындағы командалар элиталық сатысына жолдама алады.

Элиталық сатысының ойындары биылғы жылдың 28 қараша мен 3 желтоқсаны аралығында өткізіледі.