Футзалдан ел чемпионаты: Жартылай финалға шыққан төрт команда анықталды

НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футзалдан Қазақстан чемпионаты плей-офф сатысында жартылай финалға шыққан төрт команда анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футзалдан ел чемпионаты: Жартылай финалға шыққан төрт команда анықталды

Турнирдің аталған кезеңінде командалар екі кездесуден өткізді. Жеңімпаз ұжым екі ойын нәтижесі бойынша анықталды.

Алматының «Қайраты» Көкшетаудың «Оқжетпесін» сүріндірді. Алғашқы ойында қарсыласын 6:0 есебімен тізе бүктірген алматылықтар қарымта кездесуде 11:0 есебімен басым түсті. Ал «Ақтөбе» Ақтаудың «Каспийін» (7:5, 5:3), «Атырау» оралдық «Байтеректі» (6:4, 5:4), рудныйлық «Аят» «Нұр-Сұлтанды» ( 5:2, 4:1) орта жолда қалдырып кетті.