Футзалдан Еуропа чемпионатының қола жүлдегері анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футзалдан Еуропа чемпионатының қола жүлдегері анықталды

Мұндай табысқа Испания құрамасы қол жеткізді. Аталған құрама 3-орын үшін сайыста Украинадан 3:1 есебімен басым түсті.

Испания бұған дейін 7 мәрте чемпион атанса, 2 мәрте күміс, 2 мәрте қола жүлдеге қол созған болатын.

Айта кетсек, Украина ширек финалда Қазақстанды 5:3 есебімен жеңіп кетті.

Енді финалда Ресей мен Португалия құрамалары шеберлік байқасады. Кездесу бүгін елорда уақытымен 22:30-де «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске салсақ, құрлықтық додада Қазақстан құрамасы В тобында бақ сынады. Алғашқы ойында Словениямен (4:4) тең түсіп, одан кейін Финляндияны (6:2) және Италияны 4:1 есебімен тізе бүктірді. Нәтижесінде 7 ұпаймен бірінші орын алды.

Еуропа чемпионаты 1996 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Бүгінге дейін Испания - 7, Италия - 2, Ресей мен Португалия 1 мәрте чемпион атанды.