Футзалдан «Қайрат» испаниялық «Интерді» жеңді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық «Қайрат» футзал клубы УЕФА кубогының төрт дүркін чемпионы испаниялық «Интер» клубын 4:1 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
None
None

Екі клубтың кездесуі қарсыластың алаңында Мадрид провинциясына жататын Торрехон-де-Ардос муниципалитетінде өтті. Кездесу «Интер» клубының ұйымдастыруымен осымен 3-ші жыл қатарынан өткізіліп отырған «Торрехон және Мануэль Саорин мемориалы кубогы аясында өтті. Биылғы сайыс «Интер» шағын футболының 40 жылдығына арналған. Екі клубта сайыс алаңына ең мықты ойыншыларын шығарды. Қарсылас команда алаң иесі ретінде алғашқы таймда алматылықтарды тықсырып, Элисандроның ептілігімен алғашқы болып есеп ашты.

null

Алайда, екінші таймда алматылықтар испандықтардың адымын аштырмады. Екінші таймның үшінші минутынан кейін «Қайраттың» жаңа ойыншысы тунистік легионер Тайеби таразы басын теңестірді. 29-шы минутта алматылық клубтың қақпашысы Игита өз «әдетіне» салып, ойынға араласты. Көп ұзатпай Игита қарсыластың қақпасына екінші голды сүңгітті. Нәтижесінде, қазақстандық клубтың қақпашысы алыстан салған гол ең үздік болып есептелді. Ойынның аяқталуына 7 минут қалғанда бразилиялық легионер Фелипе 3-ші голды салса, төртінші голды испандықтардың ашық қалған қақпасына Дуглас дәл бағыттап, қарсыластың ойсырай жеңілуіне себеп болды.

Еске сала кетейік, УЕФА кубогінде Алматыда өткен кездесуден «Қайрат» «Интерден» 2:3 есебімен жеңілген болатын. Алматылық «Қайрат» мини футбол клубы - УЕФА кубогының екі дүркін жеңімпазы.

Соңғы жаңалықтар