12:11, 23 Шілде 2025 | GMT +5
Футзалдан Қазақстан кубогы топтық іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды
АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылғы футзалдан Қазақстан Кубогының топтық іріктеу кезеңіне қатысатын командалардың жеребе тарту рәсімі өтті.

Турнирге барлығы 16 команда қатысып, төрт топқа бөлінді. А тобы мен D тобының ойындары Орал, B және C тобының матчтары Талдықорған қаласында өтеді. Топтық кезең 25-30 тамыз аралығында ұйымдастырылады.
Топтар құрамы келесідей:
А тобы: «Қайрат», «Елім-ай», «Ордабасы», «Каспий»
B тобы: «Ақтөбе», «Омега», «Астана», «Атырау»
C тобы: «Аят», «Жетісу», «Алатау», «Тұлпар»
D тобы: «Семей», «Бәйтерек», «Искандер», «Қарағанды»
Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша әр топтың үздік командалары келесі кезеңге жолдама алады.
Топтық кезең ойындарының толық кестесі жақын күндері жарияланады.