Футзалдан Қазақстан кубогында «Қайрат» «Қарағандының» осал тұсын тапты
АСТАНА. KAZINFORM — Футзалдан Қазақстан кубогының ширек финал ойындары өтті.

Жарыстың аталған сатысында алматылық «Қайрат» «Қарағанды» командасын 4:1 есебімен жеңсе, «Семей» Көкшетаудың «Елімайын» 8:2 есебімен басым түсті.
Сондай-ақ рудныйлық «Аят» «Ақтөбеге» — 2:3 есебімен жол берсе, «Атырау» қаарғандылық «Тұлпарды» 6:0 есебімен тізе бүктірді.
Турнирге барлығы 16 команда қатысып, төрт топқа бөлінді. А тобы мен D тобының ойындары Орал, B және C тобының матчтары Талдықорған қаласында өткізілді. Топтық кезең 25-30 тамыз аралығында ұйымдастырылды.
Еске салсақ, Алматының «Қайраты» биыл футзалдан суперкубок иегері атанды.
Айта кетсек, бұдан бұрын футзалдан 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеудің плей-офф кезеңіндегі Қазақстан құрамасының Италияға қарсы екі ойынының қайда өтетіні және уақыты белгілі болды.
Алдымен отандастарымыз 18 қыркүйекте қазақстандық уақытпен 23:55–те сырт алаңда Италияның Фазано қаласында кездессе, одан кейін 23 қыркүйекте 19:30–де оларды Астанадағы Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қабылдайды.