Футзалдан Қазақстан құрамасы Вьетнаммен тең түсті

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы екінші жолдастық кездесуінде Вьетнаммен тең түсті.

Футзалдан Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Вьетнамнан жеңіліп қалды
Фото: ҚФФ

Кездесу барысында қазақстандық футзалшылар екі гол қатарынан соғып кетті. Оны ел құрамасынан Ерсұлтан Сағындықов пен Нұрсұлтан Пиялы өзінің еншісіне жазды.

Екінші кезеңде вьетнамдық құрама екі гол соғып, таразы басын теңестіріп кетті.

Осылайша құрамалар 2:2 есебіне қанағат білдірді.

Алғашқы жолдастық кездесуінде қазақстандық футзалшылар аталған қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберді.

Айта кетсек, кездесуге дайындық 8 сәуірде Астанада басталды. Оған 14 ойыншы қатысты.

FIFA күнтізбесіне сәйкес ұлттық құрама 8-16 сәуір аралығында оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырды.

Еске салсақ, FIFA жариялаған футзал құрамаларының рейтингінің жаңартылған нұсқасында Қазақстан ұлттық құрамасы жетінші орынға тұрақтады. Ол бұрынғы орнынан екі сатыға төмендеді.

 

Соңғы жаңалықтар