Футзалдан Қазақстан құрамасы Әзербайжанға қарсы құрамын жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының Әзербайжанмен өтетін екі жолдастық кездесуіне шақырылған ойыншылар тізімін жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футзалдан Қазақстан құрамасы Әзербайжанға қарсы құрамын жариялады

Оқу-жаттығу жиыны бүгін, 12 қыркүйектен басталады. Жиын аясында Қазақстан құрамасы Әзербайжанмен екі жолдастық кездесу өткізеді. Екі кездесу де Ақтау қаласындағы «Халық арена» спорт кешенінде өткізіледі.

Оқу-жаттығу жиынына шақыртылған ойыншылар тізімі төмендегіше:

Қақпашылар: Игита, Нарун Серіков (екеуі де - «Қайрат»), Ақжол Қайратұлы («Каспий»);

Алаңдағы ойыншылар: Дуглас, Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Ақбалықов, Эдсон (барлығы - «Қайрат»), Тайнан («Эль-Посо», Испания), Арнольд Кнауб, Райымбек Жұма, Жаһангер Рашит (барлығы - «Каспий»), Азат Валиуллин, Әбдірасул Әбдіманапұлы (екеуі де - «Аят»), Евгений Кошкин («Астана»);

Жолдастық кездесулер 19 және 20 қыркүйек күндері өтеді. Ойындардың басталу уақыты кейін белгілі болады.

Футзалдан Әзербайжан құрамасы әлем чемпионаты финалдық сатысына 2016 жылы қатысып, 1/4 финалға дейін жетті. Ал Еуропа чемпионаты финалдық сатысында екі мәрте бақ сынап, топтық кезеңнен аса алған жоқ.

Еске салсақ, бұдан бұрын футзалдан Қазақстан кубогының иегері анықталды.


Фото: kff.kz