Футзалдан қазақстандық клубтардың Чемпиондар лигасындағы қарсыластары анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Футзалдан қазақстандық клубтардың UEFA Чемпиондар лигасы негізгі сатысындағы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: ville-ronchin.fr

Жарыстың аталған сатысында еліміздің атынан алматылық «Қайрат» пен Рудныйдың «Аят» клубтары сынға түседі.

Алматылық «Қайрат» үшінші топта Испанияның «Пальма», Венгрияның «Халадаш» және Люксембургтің «Дифферданж» командаларымен кездеседі.

Ойындар 24 және 29 қазан аралығында Испанияның Пальма-де-Майорка қаласында болады.

Ал, «Аят» бірінші топта бақ сынайды. Қарсыластары – Португалияның «Спортинг», Хорватияның «Олмиссум» және Украинаның «Хит» командалары.

Ойындар «Олмиссумның» алаңында биылғы жылдың 24 және 29 қазан аралығында өткізіледі.

Еске салсақ, бұдан бұрын футзалдан әлем чемпионатына іріктеу: Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды.


Соңғы жаңалықтар