Футзалдан «Mucho Mas» турнирі: «Қайрат» қола жүлдеге ие болды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Алматылық «Қайрат» футзал клубы «Mucho Mas» халықаралық жолдастық турнирінде үшінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Қазақстандық команда 3-орын үшін Испанияның «Пальма» командасымен шеберлік байқасты. Бұл кездесуде алматылық клуб қарсыласынан 7:0 есебімен басым түсті.

Олардың қатарынан Денер Родриго хет-трик жасаса, Кайо Руис, Эдсон, Аллисон де Лима және Дуглас бір-бір голдың авторы атанды.

Испанияның Вальдепенья қаласында 19 және 20 тамыз күндері өткен турнир «Төрттіктің финалы» форматында ұйымдастырылды.

Бұл – қазақстандық клубтың испаниялық маман Марлон Веласко жетекшілігімен қатысып жатқан алғашқы турнирі.

Жартылай финалда «Қайрат» Еуропадағы тәжірибелі клубтардың бірі «Барселонаға» 1:6 есебімен есе жіберді.

Сондай-ақ қазақстандық клуб 23 тамызда Португалияда басталатын «International Masters Cup» турниріне қатысады. Қарсыластары – сол елдің «Спортинг», «Бенфика» және «Брага» командалары.


Соңғы жаңалықтар