Футзалдан «Төртеудің финал» турнирі: Финалға шыққан командалар анықталды

Футзалдан «Төртеудің финал» турнирі: Финалға шыққан командалар анықталды
Фото: uefa.com

АСТАНА. KAZINFORM - Футзалдан Чемпиондар лигасы «Төртеудің финал» турнирінде бас жүлдені сарапқа салатын командалар анықталды.

Жартылай финалда алдымен «Бенфика» (Португалия) мен «Пальма» (Испания) командалары кездесті.

Негізгі кезең 4:4 есебімен аяқталып, пенальти тебуде испаниялық клуб жеңіске жетті.

Тағы бір кездесуде Испанияның «Барселонасы» Португалияның «Спортингін» 5:4 есебімен сүріндірді.

Енді 5 мамырда «Пальма» мен «Барселона» кездессе. 3-орын үшін «Бенфика» мен «Спортинг» шеберлік байқасады.

Чемпиондар лигасы 2001 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Былтыр Испанияның «Пальма» командасы жеңімпаз атанды.

Қазақстандық «Қайрат» командасы биыл Чемпиондар лигасы элиталық сатысынан аса алған жоқ. Олар ойын көрсеткен В тобынан «Бенфика» (Португалия) жарыстың келесі сатысына шыққан еді.

Алматылық клуб 2012/2013, 2014/2015 жылдарда аталған турнирде жеңімпаз атанған еді.

Соңғы жаңалықтар