Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының финалы Францияда өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының 2025 жылғы төрттік финалы Ле-Манда (Франция) өтеді.

Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының финалы Францияда өтеді
Фото: olympic.kz

Аталған бәсекеде Чемпиондар лигасының қазіргі чемпионы «Пальма» (Испания), турнир дебютанты «Картахена» (Испания), екі дүркін кубок иегерлері «Қайрат футзал» және «Спортинг» (Португалия) қатысады. 

Жарыстың жартылай финалы 2 мамырда «Антарес Арена» спорт кешенінде, финал мен үшінші орын үшін матч 4 мамырда өтеді.

Айта кетсек, алматылық клуб аталған турнирдің элиталық кезеңінде Хорватияның «Динамо Загреб» (5:1), Францияның «Этуаль» (4:2) және Хорватияның «Олмиссум» (1:0) командаларын қапы қалдырды.

Еске салсақ, бұдан бұрын футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынында Албанияны (2:0) жеңді.

Соңғы жаңалықтар