Футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі сатысының жеребесі тартылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футзалдан қазақстандық клубтардың қатысуымен өтетін UEFA Чемпиондар лигасы негізгі сатысының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматылық «Қайрат» А тобына түсті. Қарсыластары - франциялық «Спортинг», бельгиялық «Андерлехт» және испаниялық «Мальорка».
Қазақстандық команда аталған турнирге 19-мәрте қатысады.
Ел біріншілігінің күміс жүлдегері - рудныйлық «Аят» В тобында хорватиялық «Ново Время» және «Пула», португалиялық «Спортингпен» кездеседі.
Әрбір топтан үздік үштікке енген командалар жарыстың элиталық сатысына жолдама алады.
Турнирдің негізгі сатысының ойындары биылғы жылдың 25-30 қазан аралығында өткізіледі.
Еске салсақ, кеше футболдан Қазақстан кубогында «Астана» «Жетісумен» тең түсті.
Ашық көздерден алынған фото