Футзалдан жолдастық кездесуде Қазақстан мен Иран тең түсті

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы Иранмен екінші жолдастық кездесу өткізді.

Футбол
Фото: kazfootball.kz

Екі құрама арасындағы алғашқы жолдастық кездесуде қазақстандық футзалшылар 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Екі құрама бүгінгі ойында жеңіске жету жолын іздеді. Ирандық футзалшылар әлемде алдыңғы қатарда келеді. Дүниежүзілік және Азия құрлығындағы талай бәсекеде жүлделі орындардан көрінді.

Ал Қазақстан құрамасы да кейінгі жылдарда үздіктер қатарында ойнап жүр.

Кездесу барысында алдымен Саджад Юсефхах есеп ашса, оған қазақстандық Біржан Оразов бір голмен жауап қайырды.

Осылайша құрамалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Жиынның қорытынды кезеңі Алматыда 6-10 қыркүйек аралығында болады. 7 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы Аргентинамен шеберлік байқасады.

Айта кетсек, биыл 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатында ел құрамасы Испания, Ливия және Жаңа Зеландиямен шеберлік байқасады.

Ал Иран F тобында Венесуэла, Гватемала және Франциямен сынға түседі.

Соңғы жаңалықтар