Г. Әбдіхалықова депутат Перуашевтің министрлікті тарату керек деген мәлімдемесіне ресми жауап қайтарды

АСТАНА. 27 шілде. ҚазАқпарат - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова министрлік болу керек, жұмыс істеуі керек деп есептейді.
None
None

Бұл туралы ол бүгін Bnews.kz порталына өткен онлайн-конференцияда мәлім етті.

 «Біздің министрлік соңғы 12 жылдың ішінде жүйелі түрде бағыт-бағдар бойынша біршама істі тиянақтады. Мысалы үлкен ақпараттық жүйе бар, барлық зейнеткерлер, әлеуметтік төлем алатындар туралы компьютерлік жүйесі бар, заңнамалар қабылданды. Елбасы мақаласында беріліп отырған тапсырмаға байланысты, әсіресе, біздің министрліктің алдында үлкен талаптар, жаңа бағыттар белгіленіп отыр. Бұл жағдайда, әрине министрлік болу керек, жұмыс істеуі керек деп ойлаймын. Былайша айтқанда, жақсы қолға алынған істің бір күнде күл-талқанын шығаруға болады. Ал оны қайта қалпына келтіру үшін қаншама жыл жұмыс істеу қажет», - деп атап көрсетті Г. Әбдіхалықова.

 «Сынға дұрыс қарап, оны да түсіне білу керек. Өз басым сын арқылы ары қарай шындалуға жол ашылады деп айта аламын. Министрлікке айтылған сын  жақсы, дұрыс сын болса, одан біз нәтиже шығаруға тырысамыз», - деді министр.

 Еске сала кетейік, «Ақ жол» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін тарату қажет деп мәлімдеме жасаған болатын.

Соңғы жаңалықтар