Г. Әбдіқалықова БҰҰ ДБ-ның Тұрақты өкілімен Қазақстанның әлеуеметтік инфрақұрылымының даму мәселелерін талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова БҰҰ ДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Стивенн Туллмен кездесті.
None
None

«Біз көп жылдар бойы БҰҰ Даму бағдарламасымен ынтымақтастығымызды жалғастырып келеміз. Осы жылдарда көптеген жобалар жүзеге асырылды және олар бірінші кезекте әлеуметтік-гуманитарлық бағытқа негізделген. Сонымен бүгінгі кездесу аясында алдағы іс-қимылдар жайындағы мәселелерді қарастыруды жөн көріп отырмыз. Бізде жалғасын тауып жатқан бірқатар жобаларымыз бар. Өзіңіз білесіз, алдымызда үлкен мақсаттар тұр», - деді Мемлекеттік хатшы.

Осы орайда кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысының белгілеген «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жаңа экономикалық саясаты міндеттерін орындау аясында еліміздің әлеуметтік-гуманитарлық дамуының кең ауқымды мәселелері бойынша өзара іс-қимылдың перспективаларын талқыға салды.

Г. Әбдіқалықова тараптар арасында қол жеткізілген өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың жоғары деңгейін, сондай-ақ БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғыру үдерісіне қосқан елеулі үлесін атап өтті. Мұнымен қоса тараптар сыбайлас жемқорлықты ескертуге, қоғамның рухани-адамгершілік дамуына бағытталған тиісті шаралар тұрғысында ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты.

Соңғы жаңалықтар