13:46, 04 Қараша 2014 | GMT +5
Ғ. Ахмедьяров ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Ғалым Ахмедьяров ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Ғалым Ахмедьяров 1995 жылы Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын «Домбыра» мамандығы бойынша бітірді. 2001 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Музыкалық өнер» мамандығының аспирантурасын тәмамдады.
Бұған дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақ әуендері» АҚ басқарған Ғ. Ахмедьяров «Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері (2010), «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2004), республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты болып табылады.