08:52, 28 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Ғ. Әшімов Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы әкімінің өкімімен және Президент Әкімшілігінің келісімімен Ғалым Әбіханұлы Әшімов облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Ал облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Қайрат Айтуғанов «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Орын алған кадрлық өзгерістер туралы аймақ басшысы актив жиынында хабарлады.
Ғалым Әшімов 1968 жылы туған. Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін бітірген. Мамандығы - экономист-менеджер.
Бұған дейін үкіметтік емес экономика секторында басшылық қызметтерде болған. Жәйрем кентінің, Қаражал қаласының әкімі, облыс әкімі аппаратының жетекшісі қызметтерін атқарған.
Жаңа тағайындауға дейін Ғ.Әшімов Қарағанды облыстық өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметін атқарды.