Г.Головкин атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Г.Головкин атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталады. Бұл туралы zakon.kz порталында өткен «Министрге сұрақ қой» атты онлайн-конференцияда ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.
None
None

Айта кетерлігі, конференция барысында министрге Майқұдықтағы Г.Головкин атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысына қатысты сауал қойылған болатын.

«Қарағанды қаласы әкімдігінің мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта Майқұдықтағы жүзу бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысының жобалық-сметалық құжатына түзетулер енгізу жұмысы жүргізілуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 80 пайызға аяқталған. Құрылысты 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқтау жоспарланған», - деді А.Мұхамедиұлы.

Соңғы жаңалықтар