Г. Головкин Монромен болған жекпе-жегін драмалық шоу деп атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин бүгін Калифорнияда кіші Вилли Монроға қарсы айқаста қол жеткізген қуанышымен бөлісті. Бұл жекпе-жекте ол қарсыласын алтыншы раундтың аяқталуына дейін 45 секунд қалғанда жеңді, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

«Мен өзімді жақсы сезініп отырмын. Үйіме, командама, қарсыласыма, Лос-Анджелеске рахмет айтамын. Бұл жақсы драмалық шоу болды. Басында оған нөмір бірінші кім екенін таныттым, өйткені бұл менің үйім ғой. Екіншіден, мен оған мүмкіндік бердім. Мен жекпе-жекті қадағалап жүрдім, бұл менің жанкүйерлеріме жасаған үлкен сыйлығым. Өзіме сенімді болып, шоу көрсеткім келеді. Виллиға үлкен рахмет - ол өте жақсы боксшы», - деді Головкин жекпе-жек аяқталған соң берген сұхбатында.

Соңғы жаңалықтар