17:06, 04 Ақпан 2009 | GMT +5
Ғ.Құрманғалиевтің 100 жылдығына арналған шара туған жерінде өткізілді
ОРАЛ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Саңлақ әнші Ғарифолла Құрманғалиевтің 100 жылдығына арналған шара оның туған жері – Қаратөбе ауданында өткізілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аудандық орталықтандырылған кітапханада «Жарқын талант иесі» атты кітап көрмесі мен «Өнерлі өрен, әйгілі әнші» деген тақырыпта ән кеші ұйымдастырылды. Кеште жергілікті өнерпаз Рысқали Исмурзин әнші-композитор туралы естелігін айтып, Шегенің ариясын орындап берді. Сондай-ақ Алтынбек Мүйтенов Ғарекеңнің әндерін шырқап, көрермендер ықыласына бөленді.
Ауданда әнші мерейтойына орай басқа да шаралар өткізілетін болады.