Гаагада Эритрея келімсектері арасындағы қақтығыста 4 полицей жарақат алды

АСТАНА. KAZINFORM – Сенбі күні кешке Нидерландnың Гаага қаласында Эритреядан келімсектерінің қарсылас топтары арасында қақтығыс болып, оған араласқан төрт полицей жарақат алды. 

Столкновения между выходцами из Эритреи в Гааге
Фото: видеодан алынған кадр

Эритреялықтардың үкіметті қолдайтын тобы «Opera» конференц-орталығында кездесу өткізді. Алайда шеруге олардың қарсыластары келіп, содан кейін елеулі тәртіпсіздік басталды.
Биліктің бағалауынша, Нидерландта 27 мың эритреялық тұрады.
Бұрынғы саясаткер, қазір Нидерландтағы Эритрея қауымдастығының өкілі ретінде әрекет ететін Майра Кумен Нидерланд телеарнасына ғимаратта 500-ден 600-ге дейін адам болғанын айтты. Оның сөзінше, кездесудің саяси астары болмаған, ал қонақтар қарсыластарымен бетпе-бет келу үшін көшеге шықпаған.
Осы кезде шараға «Нхамеду бригадалары» деп аталатын Эритрея режиміне қарсыластар тобы келді. Оппозиция өкілдері үкіметшіл отандастардың мәдени жиындары мен кештерін бұзу мүмкіндігін қарастыруда.
Тәртіпсіздік орын алған жерге жергілікті полиция келіп, қатысушыларды тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданған.
Олай болғанымен, полицияның бірнеше көлігі өртенді. Полицейлерге қарай тас, велосипедтер мен жол белгілері лақтырылған.
Төрт офицер жарақат алды. Екі полиция қызметкері қолдарынан, біреуі тістерінен жарақат алды, ал төртіншісні абдырап қалған кезде полиция көлігі соғылған.
Гаага мэрі Ян ван Занен конгресс орталығының айналасындағы аумаққа төтенше жағдай туралы бұйрық шығарды.