21:28, 15 Қаңтар 2009 | GMT +5
Гаагада ҚР Елшісі М.Мырзамәдиеваның Нидерланды экономика министрімен кездесуі болды
АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат – Қаңтардың 14-інде Гаагада Қазақстан Республикасының Елшісі Майнұр Мырзамәдиеваның Нидерланды экономика министрі Мария ван дер Хоевенмен кездесуі болды. Онда екі елдің сауда-экономикалық және инвестиция салаларындағы ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі мен перспективасы талқыланды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесу барысында Қазақстанға голландиялық тәжірибені және ауыл шаруашылығы, жоғары технологиялар, энергетика, көлік, техникалық реттеу салаларындағы әлеуетін тартудағы өзара сипаты аталды. Министр Мария ван дер Хоевен «Еуропаға жол» арнайы мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі мәселелеріне қатысты Еуроодақ және ЕҚЫҰ аясында біздің елдің бастамасына көмек көрсетуге даярлықтарын білдіріп, Қазақстанның стратегиялық әріптестіктің жаңа деңгейіне ұмтылысын жоғары бағалады.Жаһандық дағдарыстың келеңсіз салдарларын жұмсарту мақсатында ҚР Үкіметінің 2009-2010 жылдарға арналған экономика және қаржы жүйелерін тұрақтандыру бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарымен танысқан министр Мария ван дер Хоевен оған жоғары баға берді.Ол мемлекеттің энергетика саласында барынша тығыз байланыстар орнатуға ниет танытқан елдердің (Ресей, Қазақстан, Сауд Арабстаны және Алжир) Нидерланды үшін басым төрттігіне Қазақстанның енетінін атап өтті.Кездесу барысында «Мұнай және Газ» (KIOGE-2009) көрмесіне және конференциясына қатысу аясында Нидерланды экономика министрі Мария ван дер Хоевеннің басшылығымен голландиялық делегацияның сапарын ағымдағы жылдың күзінде ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.