Гаагада тұрғындар биліктің көші-қон саясатына наразылық білдіріп, 30 адам ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM –Нидерланд билігінің миграциялық саясатына қарсы халық Гаагада наразылық шарасын ұйымдастырып, оның арты тәртіпсіздіктерге ұласты, кемінде 30 адамды ұсталды, деп хабарлайды NOS қала мэрі Ян ван Заненге сілтеме жасап.

Нидерланд билігінің миграциялық саясатына қарсы халық
Фото: report.az

Ресейлік ТАСС-тың хабарлауынша, қала мэрінің ақпараты бойынша әзірге 30 адамның ұсталғаны туралы сенімді түрде айтуға болады. Алайда олардың саны бұдан көп болуы ықтимал. Ван Занен сонымен қатар тәртіпсіздіктерге қарсы әрекеттер барысында екі полиция қызметкерінің жараланғанын жеткізді.

-Елдің әр аймағынан келге тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушы топтар полициямен қасақана қақтығысқан. Бұл ретте олардың барынша дөрекі әрекет еткенін айту керек,-деп келтіреді Заненнің сөзін хабар таратушы корпорация.

Нидерланд астанасы Гаагада тәртіпсіздіктер 20 қыркүйек күні күндіз басталды. Миграциялық саясатқа қарсы шыққан оңшыл топ өкілдері полициямен қақтығысып, Маливелд алаңы маңында А12 автомагистралін бөгеп тастады.

Шамамен 1,5 мың адам құқық қорғау органдары қызметкерлеріне тас пен бөтелке лақтырып, бір полицей көлігін өртеген. Халықтың тарату үшін полиция көз жасаурататын газ және су атқыш құралдарын қолданды.

Кейінірек жол қозғалысы толық қалпына келтірілді.

Осыған дейін Нидерландтың алғаш рет Израильді ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін ел деп танығаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар