Гаагадағы ядролық қауіпсіздік жөніндегі Саммитке 58 елдің көшбасшылары қатысады

ГААГА. ҚазАқпарат - 24-25 наурызда Гаагада өтетін ядролық қауіпсіздік жөніндегі Саммитке ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қосқанда 58 елдің көшбасшылары, 5 мың делегат және 3 мыңнан астам журналист қатысады.
None
None

Бұл Нидерландыда бұрын-соңды болған алқалы жиындардың ең ауқымдысы болып отыр.

Саммит кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Гаагаға баратын негізгі жолдарда көлік қозғалысы шектеледі. Голландия аспанында әскери кезекшілік күшейтілді.

Нидерландыда алғаш рет жол қозғалысының Ұлттық орталығы құрылды. Олар саммит кезінде көлік қозғалысын реттейді. Көшелердегі полицейлер қатары бұрынғыдан төрт есе көбейтілді.

Еске сала кетсек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 24-25 наурыз аралығында Гаагада өтетін ядролық қауіпсіздік жөніндегі үшінші Саммитке қатысады.

Алқалы жиын ядролық терроризмнің алдын алу, ядролық материалдардан, радиоактивті көздерден және соған сәйкес құрылғылардан келетін ішкі және сыртқы қауіп-қатерді болдырмау мәселелеріне арналып отыр.

Соңғы жаңалықтар