Габи Кики «Ақтөбе» футбол клубының сапына қосылды

АСТАНА. KAZINFORM - Камерундық 28 жастағы орталық қорғаушы Габи Кики «Ақтөбе» футбол клубымен келісімшартқа қол қойды.

футбол
Фото: Ақтөбе ФК

Габи Кики футболшы мансабын өз отанындағы «Бомс» клубында бастап, кейіннен «Эдинг Спорт» клубына ауысты.

Одан кейін футболшы Беларусьтің «Днепр» (Могилев), «Динамо-Брест» және «Рух» (Брест) клубтарында ойын көрсетті.

Беларусь чемпионы атанып, суперкубокты екі рет жеңіп алды.

2022-2023 жылдарда Молдованың «Шериф» командасы сапында екі дүркін чемпиондық атақты жеңіп алса, екі дүркін кубок иегері атанды.

кики
Фото: Ақтөбе ФК

Аталған клубпен бірге УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңінде екі мәрте бақ сынады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Марат Быстров пен Рамазан Каримов «Астана» сапына қайта оралған еді.