Габонда сайлаудан кейін әскерилер билікті басып алып, уақытша президент тағайындады
АСТАНА.ҚазАқпарат - Габондағы билікті басып алған әскери топ уақытша мемлекет басшысы етіп Республикалық гвардияның қолбасшысы - генерал Брис Олиги Нгеманы тағайындағанын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.
Бұл мәлімдеме әскерилер президент сайлауынан кейін билікті басып алғанын хабарлаған ұлттық телеарна арқылы жасалды.
Елді 50 жылдан астам басқарған президент Али Бонго Ондимба үй қамауында отыр.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Бонгоның елдегі төңкеріске байланысты «дүние жүзіндегі достарын шу көтеруге» шақырған видеоүндеуі тараған еді.
Әскерилер президенттік сайлаудан бірнеше күн өткен соң билікті басып алып, сайлау нәтижесін жойып, шекараларды жауып, мемлекеттік институттарды тарататынын айтты.
Егер сәтті аяқталатын болса, бұл - 2020 жылдан бергі Батыс және Орталық Африкадағы сегізінші төңкеріс болмақ.
Габонда билікті күшпен басып алу әрекеті соңғы рет 2019 жылы жасалған. Бірақ ол жолы сәтсіз аяқталды.
Сенбі күнгі сайлау ұорытындысы бойынша Габон сайлау органы президент Али Бонго дауыстардың үштен екісінен аз ғана дауыс жинап, билікте үшінші мерзімге қалатынын мәлім етті.
Қазіргі президент Али Бонгоның отбасы елді 1967 жылдан бері басқарып келеді.
Оның әкесі Омар Бонго 40 жылдан астам президент қызметін атқарған және бірнеше рет жемқорлық үшін айыпталған.