Гаити астанасынан 3 апта ішінде 53 мың адам қашып кетті

Гаити
Фото: euronews.com

АСТАНА. KAZINFORM – Гаити астанасы Порт-о-Пренс тұрғындары қаладан жаппай көшіп жатыр. Бұл туралы Еuronews жазды.

Үш апта ішінде 53 мыңнан астам адам қатыгез топтың, яғни, қарақшылардың  зорлық-зомбылығынан құтылу үшін Гаити астанасын тастап кеткен. Мұндай деректі БҰҰ келтірді. 

Олардың 60%-дан астамы Гаитидің оңтүстігіндегі ауылдық аймақтарды бетке алған. Бұл БҰҰ шенеуніктерінің алаңдаушылығын туғызды. 

Олар мұнда қажетті инфрақұрылым жоқ екенін және қабылдаушы қауымдастықтарда Порт-О-Пренстен қашқандардың ағынын қабылдау үшін жеткілікті ресурс болмай отырғанын атап өтті.

БҰҰ-ның Халықаралық көші-қон ұйымының мәліметі бойынша, Гаитидің оңтүстігінде бұрын Порт-о-Пренсті тастап кеткен 116 мыңнан астам адам тұрады. 

3 миллионға жуық адамның ел астанасын тастап кетуі ақпан айының соңында қарақшылар тобы үкіметтік кеңселерге шабуыл жасағаннан кейін басталды. Қарулы адамдар полиция бекеттерін өртеп, жабық халықаралық әуежайға оқ жаудырды. Олар Гаитидегі ең үлкен екі түрмеге басып кіріп, 4 000-нан астам тұтқынды босатқан.

Соңғы жаңалықтар