08:44, 07 Қазан 2016 | GMT +5
Гаитиде «Мэтью» дауылы құрбандарының саны 283-ке жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гаитиде «Мэтью» дауылынан қаза тапқандар саны 283-ке артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат RT сайтына сілтеме жасап.

Хабарламада ең көп құрбандар Шанталь округы (90 адам) мен Лез-Англе округында (85 адам) болғаны жазылған.
Бұған дейін кариб бассейні елдеріндегі «Мэтью» дауылынан көз жұмғандар саны 102 адам екені, оның 98-і Гаити тұрғындары екені хабарланған еді.