Ғаламдық дағдарыс кезінде экономикалық өсімін сақтап қалған елдерде мүлік бағасы өсуде - Sахо банктің бас экономисі
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Онда Дэвид Карсбол «Дағдарыстан шығу құны - 2010 рефляция жылы» деген тақырыппен өткен мәжілісте баяндама жасаған болатын. Оның айтуынша, қазір ғаламдық дағдарыс кезінде экономикалық өсімін сақтап қалған Норвегия, Швеция, Канада мен Қытайда да қаржылық монетарлық саясат жүргізілуде. Ондағы мүлік бағасының қымбаттауы валюта нарығына өз әсерін тигізеді.
«Қазіргі таңда АҚШ пен Еуропа елдерінде ипотекалық қаржыландыру мәселесі әлі күрделі күйінде қалып отыр. Бұл өте қауіпті. Инвесторлар мұқият болуы қажет. Барлық ресурс мәселесі заемды төлеуге жұмсалуы тиіс. Бүгінгі таңда Қытай өзге елдерге берген заемдарына кепілдік беру қажет», дейді Дэвид Карсбол. Sахо банктің бас экономисінің айтуынша, мүлік нарығындағы жағдайға Ресей (-30) мен Ұлыбританиядағы (-9%) ахуал өз ықпалын тигізеді. Бағаның арзандауы, әсіресе АҚШ (-23%), Германия (-28%) және Жапонияда (-70% ) жоғары болып отыр.