Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр

АСТАНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат  - Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр.
None
None

Бүгін Астанада «Туған жер» аграрлық-экологиялық одағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен баспасөз мәслихаты барысында  орман шаруашылығының маманы Талғат Кертешев осылай мәлім етті.

Маманның айтуынша, Биологиялық алуан түрлілік туралы конвенцияға сәйкес, соған қосылған 191 елдің баршасы өз еліндегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтап қалу үшін ұлттық парктер құрады.

«Осы Конвенция шегінде Қазақстан Үкіметі ерекше қорғалатын  аумақтар құруды жылдан жылға арттырып келеді. Оның нәтижесі де белгілі», - дейді Т. Кертешев.

Оның айтуынша,  былтыр Жоңғар Алатауы шеңберінде халықаралық ұлттық парк құрылған болатын. Бүгінгі күні осы аймақтарда туризмді дамытуға баса назар аударылып келеді.

«Келесі жылы еліміздің шөлді аймақтарында халықаралық жоба жүзеге асырыла бастайды. Бұл жоба негізінен экологиялық жүйелерді сақтауға арналады. Осы ретте Іле-Балқаш өңірі бірінші класстерлік учаске ретінде айқындалса, екіншісі Қызылорда облысындағы Арал маңындағы, үстірттегі сексеуілдер жобалық аумақ болып белгіленді. Бұл бағытқа Ғаламдық экологиялық қор 5 млн. доллар шамасында қаражат бөліп отыр», - деді Т. Кертешев.

Оның сөзіне қарағанда, жоба 5 жылдық мерзімді қамтымақ.

Соңғы жаңалықтар