Ғаламшарлар шеруі Жерге де, тұрғындарға да әсер етпейді - астроном
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін, 3 маусымда Күн жүйесінің 4 ғаламшары бірыңғай түзу сызық бойында орналасып, жер денесі Күннен қарама қарсы жақта түзілетін бірегей астрономиялық оқиғаны тудырады.

Kazinform агенттігіне «Astro Astana» жобасының негізін қалаушы Артур Гайдук мамандары оны неліктен көзге көрінбейтін деп атайтындығын және ол адамға ықпал етуі мүмкін бе екендігін айтып берді.
Ғаламшарлар шеруі – ғылыми емес, керісінше жерге тақау орналасқан ғарыш нысандарының шартты түрде бір сызықтың бойында орналасу ауызекі тілдегі анықтамаға келіңкірейді.
Сарапшының пікірінше, бұл жолы таңсәріге 1 сағат қалғанда аспанның шығыс жағынан тек Марсты не Сатурнды ғана көруге болады.
«Өкінішке орай, бұл шеруді жай көзбен қарап көре алмаймыз. Ғаламшарлар Күн шапағынан жасырынып қалады. Мұны арнаулы жабдықтармен де байқау қиын. Бірақ оларды «қарама – қайшылық» деп аталатын кезеңде – аспан денесі «Күн – Жер» сызығының жалғасында болғанда және Жерден Күнге қарама-қарсы бағытта біршама анық көруге болады», - деп атап өтті Артур Гайдук.
Ғаламшарлар жері өте сирек кездесетін құбылыс. Ол орташа есепен 18-20 жылда бір рет орын алады. Шеру екіге бөлінеді: шағын – 4 ғаламшар және үлкен – 5 ғарыш нысаны. Соңғысы өмір бойы көрмек де мүмкін.
Осы орайда сарапшы мұндай құбылыстың ғылыми құндылығына және Жерге физикалық әсеріне қатысты пікір білдірді.
«Ғаламшарлар шеруі тек сырттай ғана қызығушылық тудырады. Мәселен, бұл аталған ғарыш нысандарын зерттеу үшін ешқандай да ғылыми құрамдасы жоқ. Сонымен қатар Жердің тартылыс күшіне де әсер ете алмайды. Астрология тұрғысында да меніңше, ешқандай рөл атқармайды», - деді астроном.
Меркурий, Марс, Юпитер және Сатурн түзетін кіші шеру тағы екі күнге жалғасады. Қазіргі уақытта олар күнге тақау 20-30 градус секторында орналасқан.