Ғаламтор арқылы алаяқтарға алданып қалған астаналықтардың арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды

Осы соманы ол терминал арқылы төлеген. Оған бір ер адам ұялы телефон арқылы хабарласып, тапсырысты таңертең әкеп беретінін айтқан, бірақ екінші күні ер адамның телефонына хабарласқан кезде оның телефоны сөндірулі болған, деп хабарлайды Астана ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 177-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тағы бір оқиғада А. есімді азаматты әлеуметтік желі бойынша интернет-магазин арқылы қаскүнемдер алдап-арбау жолымен оның 16 000 теңге ақшасын иеленген. Аталған соманы жәбірленуші пошта арқылы төлеген және өзі туралы мәліметтерді берген, нәтижесінде телефон арқылы байланыса алмаған.
Полиция қызметкерлері алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған.
«Көбінесе алаяқтардың құрбандары әртүрлі қызметтерді көрсету және интернет-дүкендері арқылы сату бойынша жарнамалар кеңінен таралған сайттарды қолданатын азаматтар болып табылады. Сайттар әкімшілігі өз ресурстарының пайдаланушыларын кезекті алаяқтардың құрбандары болмауы үшін ескертіп отырады. Сонымен қатар қысқа мерзім ішінде қажетті ақпаратты ұсынып, ішкі істер органдарына қылмыскерлердің алаяқтық әрекеттерін әшкерелеу бойынша көмек көрсетеді. Әдеттегідей, қаскүнемдер тауарларды нарық бағасынан төмен бағаға ұсынғандықтан, сатып алушыларды тартып, оларды ойланбайтын әрекеттерге итермелейді. Жарнама иесімен хабарласып, төмен бағаны түрлі акциялардың болуымен түсіндіреді, қаржы аударуды ұсынады. Нәтижесінде қаскүнемдер пайдасын алып, ал сенімді тұтынушылар нақты ақшасынан айырылып қалады», - дейді ІІД-інен.
Интернет алаяқтықтың кезекті құрбаны болмауы үшін астаналық полиция қызметкерлері белгісіз адамдардан пошта жәшігіңізге келіп түсетін түсініксіз күдікті хаттарды ашпауды; бөгде адамдарға өзіңізге қатысты мәліметтеріңізді айтпауды, ең алдымен ақша төлеуді қажет ететін күдікті компанияларға араласпауды; сайттан қандай да бір затты сатып алмас бұрын ол туралы және оның тауары туралы пікірлерді іздестіруді, форумдарды оқуды; алданып қалмас үшін анықтау, сұрақтар қою, көрсетілген байланыс телефондары бойынша кеңслерег қоңырау шалуды ұсынады. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде отырғанда сізбен байланыс орнатқысы келгендердің, әсіресе әңгімелесу кезінде қандай да бір нөмірге СМС жіберу немесе телефонға кенеттен келіп түскен кодтарды жіберумен байланысты өтініш білдіргендердің барлығына бірдей сене беруге болмайтынын ескертеді. Сонымен қатар әлеуметтік желідегі аккаунтқа нақты несие карточканды немесе ірі ақша сомасы бар интернет-әмиянды ашып көрсетпеу; егер сізден ақша аударымдарын жіберу арқылы сатып алған затыңызға есептесуді, кепілақы енгізуді немесе төлем қабілетін растауды сұраса дұрыстап ойланып, ақпаратты тексеріп алу қажеттігін айтады.